
Алматы қаласы Алатау ауданы «Зерделі-6» шағын ауданындағы 6 көпқабатты тұрғын үй қисайды.
Қалалық әкімдік 2019 жылдың желтоқсан айында «Зерделі-6» шағынауданда орналасқан №1/179 тұрғын үй қисайған соң, ондағы барлық тоғыз қабатты үйді тексеру жөнінде шешім қабылдаған. Қолайлы қалалық орта басқармасы «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ-мен келісімшарт жасады. Құжаттағы уақытқа сәйкес, қайта қалпына келтіру жұмыстары осы жылдың соңында аяқталуы керек.
«Бүгінде 6 үйге қатысты (1/180, 1/160, 1/161, 1/165, 1/167, 1/168) сараптама қорытындысы шықты. «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ қорытындысына сәйкес, осы үйлердің іргетасын нығайту қажет. Бұл жұмыстар тұрғындарды көшірмей жүзеге асырылады. Қазір №1/160, 1/161 үйлерде іргетасын нығайту жұмысы жүргізіліп жатыр», – делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Құқық қорғау органдары үйдің неге қиғайсағанын әрі бұл іске жауаптыларды анықтап жатыр.
ҚазАқпарат