jasqazaq.kz

Алматыны қалың қар басты

01 сәуiр 2021, 20:03

Алматы көшелері қалың қардың астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласында 1 сәуірде таңертең жаңбыр жауып, соңы қарға ұласты.

Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша тау етегіндегі аудандарға 10- 12 см , қалада 3- 5 см қар жауды. Қаланың жоғарғы бөлігінде көктайғақтың алдын алу үшін, қар жауғаннан бастап, жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар тазалануда. Қаланың орталық бөлігінде мұндай жұмыстар 17:00-де басталды. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қар тазалау жұмысына 491 техника бірлігі, оның ішінде 114 құмлақтырғыш жұмылдырылды. Мыңнан астам жұмыскер қазір көшелердегі қарды күреп жатыр. Көктайғаққа қарсы 430 тонна материал пайдаланылды. Түнгі уақытта 371 арнайы техника, оның ішінде 127 құмлақтырғыш, сондай-ақ 400-ге жуық жол жұмысшысы шығады деп жоспарланған. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия