jasqazaq.kz

Алматылықтарға заңгерлік кеңес тегін болады

21 мамыр 2019, 17:44

Алматыда қалалық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша тұрғындарға ақысыз заңгерлік көмек ұйымдастыру жобасы қолға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ақысыз кеңесті Қазақстанның жетекші заңгерлері беретін болады. Олар тұрғындарға пәтер иелері кооперативі, тұрғын үй қатынасы, меншік құқығын қорғау, ипотека, әлеуметтік қамсыздандыру, мүлік саудасы, отбасылық қатынастар бойынша кәсіби заңнамалық көмек беретін болады. «Заңгерлер азаматтарға өз құқықтары туралы ақпарат беріп қана қоймай, отбасы мен жеке бас еркіндігін қорғау бойынша да кеңес береді. Құжат дайындау бойынша да әдістемелік көмек ұсынылады» — дейді «Альтернатива» медиация және бітімгершілік орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Анна Данилина. Сондай-ақ, заңгерлерден құралған топ тұрғындардың өтініші бойынша тиісті мекенжайларға шығып, көмек көрсетпек. Аталмыш қызмет туралы толық мәліметті әлеуметтік желілерде #zan_kenesy хештегі арқылы табуға болады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда