jasqazaq.kz

Алматылықтарға саяжайға баруға рұқсат берілді

28 сәуiр 2020, 14:09

Алматылықтарға облыс аумағында орналасқан саяжайына баруға рұқсат етілді. Ол үшін әкімдікке ешқандай қосымша өтініш берудің қажеті жоқ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов брифинг барысында мәлім етті.

Оның айтуынша, қала тұрғындары саяжайға бару үшін арнайы бекітілген ережені сақтауы тиіс.

«Ең алдымен саяжайға баратын адамның қолында меншігін растайтын заңды құжаты болуы керек. Содан кейін ол жаққа өзін қосқанда үш адам ғана бара алады. Міндетті түрде медициналық маска тағып, қолында антисептик болуы шарт. Сондай-ақ, аса қажеттілік болмаса саяжай аумағынан шығуға болмайды. Қонақ шақыруға тыйым салынады»,– деді Ерлан Қожағапанов.

Сонымен қатар, ол жасы 65-тен асқан алматылықтарға үйде қалу жөнінде кеңес берді.

«Осы ережелерді әзірлеу кезінде біз саяжайға баруға рұқсат сұрайтындардың басым бөлігі электронды өтініш беруге қиналатын егде жастағы азаматтар екендігін ескердік. Сондықтан жедел штаб саяжайға баратын азаматтардың жүріп-тұруын мейлінше жеңілдетуге тырысты. Енді алматылықтар тек саяжайының бар екенін растайтын құжат пен жеке куәлігін көрсетсе жеткілікті»,– дейді Алматы әкімінің бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, ол саяжайдың мақсатқа сәйкес пайдаланылуы ішінара тексерілетінін ескертті.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі