jasqazaq.kz

Алматылықтардың бір бөлігі жылусыз қалды

01 наурыз 2021, 18:08

Жер астына түсіп кеткен жүк көлігі Медеу ауданының тұрғындарын жылусыз қалдырды.

Алдын ала мәлімет бойынша, сағат 13.00 шамасында құм-қиыршықтас қоспасы тиелген салмағы 27 тонна КамАЗ пәтерлердің жылу камерасы орналасқан аумаққа кірген.

Жүк тиелген көлік салмағына есептелмеген беткі қабаттағы төсеме шыдас бермей, опырылып түсті. Салдарынан бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды.

«Диаметрі 500 мм құбырға зақым келуіне байланысты 336 көпқабатты тұрғын үйді, 86 жеке тұрғын үйді, 9 денсаулық сақтау нысанын, 10 балабақша мен 6 білім нысанын жылу желісінен уақытша ажыратуға тура келді» деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

«Алматы жылу желілері» ЖШС жөндеу бригадалары жүргізіп жатқан апатты қалпына келтіру жұмысына 18 маман мен мамандандырылған 4 техника жұмылдырылды.

Жылу мен ыстық су бүгін сағат 23.00-ге дейін қайта қосылады.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы Медеу ауданының аумағындағы Қазыбаев-Назарбаев-Достық-Тайманов көшелерінің аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа ғимараттар уақытша ыстық су мен жылудан ажыратылды.

«Инженерлер жылу магистралі сегментінің зақымдануы басқа тұтынушыларға жеткізілетін жылу энергиясының параметрлеріне және белгіленген секторда орналасқан ғимараттардағы температура режиміне әсер етпейді» делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия