10 тамызда Қытайдан ұшақпен Алматыға коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасы — Vero Cell-дің бірінші партиясы жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.
Sinopharm фармацевтикалық кешені шығаратын Vero Cell вакцинасы Қазақстанға жеткізілді. Препаратты Бейжіңнен Алматыға жеткізді. Қазіргі уақытта Vero Cell вакцинасы «СК-Фармация» қоймасында тұр. Вакцина Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына әлі түскен жоқ, — деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Вакцина емханаларға келген бойда тұрғындар хабардар етіледі. Алдын ала болжам бойынша, азаматтарды вакциналау үшін бұл препарат тамыз айының ортасында қолжетімді болады, — дейді басқармадағылар.