jasqazaq.kz

Алматылықтар сирек кездесетін табиғат құбылысының куәсі болды

21 қараша 2022, 17:00

Алматыда тұрғындар сирек кездесетін табиғат құбылыстарының бірін байқады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

20 қарашада кешкі сағат 21:00 шамасында қалада жаңбыр басталды. Сәлден кейін кейбір қала тұрғындары найзағайдың куәсі болды. Алматылықтардың айтуынша, бұған дейін қарашаның аяғында күн күркірегені есте жоқ.

«Түн ортасына таяп қалғанда, жаңбыр құйып кетті, аспанда найзағай ойнағанын көрдік. Бір кезде күн қатты күркірегені сонша, тіпті басқа жаңбырлы мезгілдерде бұлай болғаны есімде жоқ. Қарудан оқ атқандай күшті болды», — дейді Достық пен Әл-Фараби даңғылының қиылысына жақын маңда тұратын азамат.

Синоптиктер мәліметінше, Алматыда жауын-шашынның көп болуына фронталь бөліктердің өтуі және ауа температурасының күрт ауысуы себеп болған. Олардың айтуынша, қарашаның үшінші онкүндігінде күн күркіреуі шынымен де сирек кездесетін құбылыс.

«20 қарашада түстен кейін күн 13 градусқа дейін жылынып, түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеді. Температураның төмендеуі 10 градус болды. Тауға жақындаған жылы ауа массасы таудағы суықпен араласып, нәтижесінде қатты жауын-шашын болды: әртүрлі аймақтарда 12-ден 29 миллиметрге дейін жауын-шашын түсті. Аласа таулар мен тау бөктерінде жаңбыр мен қар жауды, ал тауларда қар жауды.

Қарашада күн күркірегені өте сирек құбылыс, бірақ болады. Қазақстанның оңтүстігінде қарашада он жылда 1-2 рет болады. Сондықтан алматылықтар сирек кездесетін құбылыстардың бірін байқады», — дейді мамандар.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр