jasqazaq.kz

Алматылықтар қала орталығында салынатын құрылысқа шағымданды

15 ақпан 2021, 17:54

Алматылықтар қала орталығыдағы құрылысқа шағымданды.

Нұрмақов көшесінде орналасқан № 81 үйдің тұрғындары қала билігінен ауладағы құрылысты тоқтатуды сұрады. Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіше, қаланың бас даму жоспарына сәйкес, Жамбыл, Әйтиев, Қабанбай батыр, Нұрмақов көшелеріндегі үйлердің ауласында жаңа екі ғимарат салынып жатыр. Бірінші нысан- көпқабатты тұрғын үй. «Бұл жерде көпфункционалды тұрғын үй кешені пайда болады. Құрылыстың эскиздік жобасы 2007 жылы мақұлданған болатын. Алайда меншік иесінің ауысуына байланысты қосымша рұқсат 2020 жылы берілді. Бұрынғы инвестордың қаржысы жетпегендіктен құрылыс тоқтап қалған. Осы үйге ақша салған алматылықтардың баспанасыз қалуы мүмкін еді. Дер кезінде инвестор табылып, мәселе шешілді», — деп хабарлады басқармадағылар. Екінші нысан — жерасты паркингі бар 12 қабатты қонақ үй кешені болмақ. «Жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы 2014 жылы берілді. Ал эскиздік жобасы 2016 жылы мақұлданды. 2018 жылы нысан Қала құрылысы кеңесі мен мемлекеттік сараптамадан өтті. Құрылыс ҚР аумағында қолданылатын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келеді», — деді басқарма. Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы атап өткендей, екі нысаннан басқа, аталған аумақта ешқандай ғимарат салынбайды. Яғни, үшінші учаскенің иесіне құрылыс жүргізуге рұқсат берілген жоқ.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде