jasqazaq.kz

Алматылықтар ит жылы қарсаңында қаңғыбас иттердің барлығын асырап алды

24 желтоқсан 2017, 14:45

Алматылықтар ит жылы қарсаңында ауланған иттердің барлығын асырап алды. Қалалық ветеринарлық қызмет орталығының Инстаграмдағы парақшасында хабарланғандай, бүгін екінші күн қатарынан қаңғыбас иттер оқшаулағышында ит жоқ. Жануарларды алматылық еріктілер Әлия Жұма мен Юлия Снегирева асырап алды.

Оларға Facebook қолданушылары дәрі-дәрмек, азық-түлікпен көмектесіп жатыр. Екі ерікті бойжеткеннің әрқайсысы 50-60 ит асырап отыр. Соған қарамастан олар оқшаулағыштағы иттердің бірін қалдырмады. Айта кету керек, Алматы билігі қаңғыбас иттерді бақылау саласында үлкен реформа жасап жатыр. Қалалық ветеринарлық қызмет орталығының басшысы Серік Жақсабаев Қоғамдық кеңестегі отырыста иесіз жануарларды асырап алу көрсеткішін арттыруға басымдық берілетінін айтты. Осы мақсатта Instagram желісінде ұсталған жануардың суретін жариялап, бұрынғы қожайындарын тауып алу мүмкін болады. «Оқшаулағыштың жұмыс уақыты 4 сағатқа ұзартылды. Таңғы 9-дан түнгі 10-ға дейінгі уақытта ит асырап аламын деушілер келіп қарай алады. Бұрын жануарларды 3 күн ұстаса, енді 5 күнге дейін ұзарту қарастырылып отыр. Биыл шілдеден бастап 3 058 жануар иесіне қайтарылды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 357 болатын», — деді Серік Жақсабаев. Оның айтуынша, бүгінде ит-мысық асырап алатындарға арнайы төлқұжат беріледі. Сонымен қатар, тегін екпе жасалып, чип орнатылады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде