jasqazaq.kz

Алматылықтар аялдамада автобусты сағаттап күткендеріне шағымданды

11 қазан 2021, 16:30

Алматылықтар таңғы қарбалас кезінде аялдамада автобусты сағаттап күткендеріне шағымданды.

Аялдамада автобус күткен жолаушылардың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қала әкімдігі бейнежазбада Райымбек-Әшімов көшесіндегі «№ 7-ші қалалық аурухана» аялдамасы екенін мәлім етті. «Әлеуметтік желіде тараған «№ 7-ші қалалық аурухана» аялдамасы. Бұл жермен күніне 263 бірлік қоғамдық көлік жүреді. Атап айтқанда, № 18, 14, 15, 16, 23, 26, 27, 31, 47, 67, 78, 95, 102, 112, 115, 118, 128, 202. Бағыт кестесінің бұзылуы жолдағы кептеліспен байланысты болады. Сонымен қатар,көшелердегі жөндеу жұмыстарыда кедергі келтірді. Орталық диспетчерлік қызмет әр бағыттың қозғалысын бақылайды, ауытқулар болған жағдайда олар тасымалдаушыға шара қолдану туралы айтады»,- деп хабарлады әкімдіктен. Жалпы, қалада 2 мыңға жуық автобус бар. «Бүгінде автобус парктерінде жанармай тапшылығы жоқ»,-деп нақтылады әкімдіктен.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия