jasqazaq.kz

Алматылықтар әкімнен Жайсан тұрғын үй кешенін бұзбауды сұрады

18 тамыз 2022, 11:01

Наурызбай ауданының тұрғындары Ерболат Досаевтан «Ақжар» шағын ауданында заңсыз салынып жатқан «Жайсан» тұрғын үй кешенін сүрмеуді сұрады. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Наурызбай ауданы тұрғынының айтуынша, егер аталған көпқабатты үй сүрілетін болса 800-ге жуық отбасы баспанасыз қалады.

«Қалалық сот «Жайсан» тұрғын үй кешенін бұзу туралы шешім шығарды. Оған тұрғындар наразымыз. Сол халықтың аманатын арқалап, өзіңіздің алдыңызға келіп тұрмын. 800-ге жуық отбасы баспанасыз қалғалы тұр. Осы мәселені оңтайлы шешіп берсеңіз»,- деді Наурызбай ауданының тұрғыны кездесу барысында.

Мегаполис басшысының айтуынша, аталған тұрғын үй кешенін салып жатқан құрылыс компаниясының ешқандай рұқсат қағазы жоқ.

«Біз тұрғындармен «Аманат» партиясында кездесу ұйымдастырдық. Аудан сотының шешіміне қатысты апелляциялық шағым түсті. Бұл сотта қайта қаралатын болады. Бірақ, барлық жауапкершілік құрылыс компаниясына жүктелген. Құрылысты бастамас бұрын рұқсат алулары керек еді. Жолын қараймыз, алайда бәрі заң бойынша шешіледі. Бүгін сізге нақты шешімді айта алмаймын. Жұмыс тобы құрылған. Тексеріліп жатыр»,- деп жауап берді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші Әкімшілік құқық бұзу кодекстің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы, 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Кейін басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр