jasqazaq.kz

Алматылық жол салушы мердігер компаниялар лицензиясынан айырылды

19 мамыр 2021, 11:48

Қала құрылысын бақылау басқармасы «Есік Жолдары» ЖШС мен «АлматыДорСтрой» ЖШС-ін Наурызбай ауданындағы күре жолдарды сапасыз салғаны үшін лицензиясынан айырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

«Тексеру нәтижелері жұмыстардың жобалық шешімге сай болмағанын және құрылыс нормалары мен ережелерінің жиі бұзылғанын көрсетті. Біздің тараптан мердігер ұйымдарға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды және материалдар сотқа жіберілді. ААӘС біздің талабымызды қанағаттандырып, мердігерлерді құрылыс жүргізу жөніндегі лицензияcынан айырды», делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, екі компания да құрылыс нарығындағы ірі жол салушылар және Алматыда бірнеше жылдан бері жол салып келеді.

Бұдан өзге, ведомство Алматы көшесінің бойында жол құрылысын жүргізген тағы бір мердігер ұйым ДСУ-13 материалдарының сотқа берілгенін ескертті.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия