jasqazaq.kz

Алматылық тұрғын полицияға 3 мың рет қоңырау шалған

14 қыркүйек 2018, 14:18

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «102» нөміріне байланыса алмай, шағымданған азаматтардың арызына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«102» нөміріне байланыса алмауға қатысты шынында да бізге біршама арыз-шағымдар түсіп жатыр. Біз талдау жұмыстарын жүргізіп, мәселені зерттедік. Шынында да, ол мәселеге бірнеше фактор себеп болып отыр. Біріншіден, бұл біздің ұялы байланыс операторларының жұмысына байланысты. Мәселе мынада: Мәселен «Алтел» арқылы азамат «102» нөмірін терген кезде бірден қазақ және орыс тілінде автожауап беру қосылады. Осыдан кейін ғана байланысқа шығады. Ал «Теле2» немесе Кселл секілді байланыс операторлары бұл қоңырауларды 112-ге лақтырып отырған. Осыдан кейін ғана 102-ге қоңырау келген. Біз бұл мәселені талдадық, олқылықтарды ұялы телефон операторлары мойындады. Қазіргі таңда олар бұл кемшіліктердің бәрін жойды. Қазір 102 операторына 6 секунд ішінде қосады», — дедіҚалмұханбет Қасымов. Министрдің айтуынша, жыл басынан бері 8 айдың ішінде «102» нөміріне 3,2 млн қоңырау келіп түскен. «Ал бізде барлығы 220 оператор тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Жүктеме көп болған соң олардың мүмкіндіктері жете бермейді. Алматыда бар-жоғы 24 оператор, Астанада — 26 оператор бар. Бүгінгі таңда олардың санын арттырып, 12 сағаттық жұмыс күніне ауыстырып жатырмыз. 3,2 млн қоңыраудың ішінде 40% ғана полиция жұмысына қатысты болады, қалғандары — ТҮКШ-ке байланысты, мысалы сумен жабдықтау туралы сұрайтындар баршылық. Алматыда бір азамат операторға 3 мың рет хабарласып, үнемі тұрғын үйіне қатысты және басқа да сұрақтармен шағымдана берген жағдай кезікті», — деді Қалмұханбет Қасымов.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді