jasqazaq.kz

Алматылық таксист Италия азаматын қонақүйге 45 мың теңгеге жеткізген

26 шiлде 2022, 17:35

Көлік полициясы италиялық азаматшадан қонақүйге жеткізгені үшін 45 мың теңге алған алматылық таксистің кім екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, Италиядан келген азаматша Алматы әуежайынан қонақүйге жеткізгені үшін таксиске 45 мың теңге төлеген. Департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуына қарағанда, қала тұрғынынан шетел азаматын аса қымбат бағамен жеткізіп тастаған жүргізушіге шара қолдану керектігі туралы өтініш түскен. Көп өтпей жедел іздестіру шаралары нәтиже беріп, жеке такси қызметін көрсетіп жүрген адамның кім екені анықталған. «Бұл Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам әуежайдан Бөгенбай батыр көшесіндегі қонақүйге дейін тым жоғары баға айтып, шетелдік азаматшаны жаңылыстырған. Құқық бұзушыға Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 449-бабы 1-бөлігі бойынша шара қолданылды», — дейді Мадияр Айтуғанов. Ал Қарағанды қаласында 53 жастағы ер адамның теміржол билетін сатып, билеті жоқтарды пойызға мінгізіп, делдалдық жасағаны анықталды. «Ол бұған дейін де осындай қылмысы үшін жауапқа тартылған болып шықты. Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 449-бабы 2-бөлігі бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш (31 800 теңге –ред.) көлемінде айыппұл салынды. Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің мамандары түрлі деңгейде заң бұзған 25 746 азаматты жауапқа тартты», -деп жазылған департаменттің дерегінде.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр