jasqazaq.kz

Алматылық судьяның кабинетінен 10 мың доллар тәркіленді

30 сәуiр 2021, 4:16

Бұған дейін желіде судьядан 4,5 миллион доллардан астам қаржы тәркіленгені жайлы ақпарат тарады.

Әлеуметтік желіде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолмановадан 4,5 миллион доллардан астам қаржы тәркіленгені жайлы ақпарат тарады. Желіде тараған ақпарат бойынша, тінту кезінде судьяның кабинетінен 4 500 доллар, үйін тінту барысында 2 800 000 доллар, жеке көлігінен 600 000 доллар табылған және застройщиктен — 1 180 000 доллар пара алған.

Алайда, Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Қалалық соттың мәлімдеуінше, судьяның қызметтік кабинетінен 10 000 доллар табылған, ал үйінен ештеңе табылмаған.

ҚР Жоғарғы сот төрағасының бұйрығымен судьяның өкілеттігі тоқтатылды. Алматы қалалық соты жалған ақпарат таратқан адамдарды жауапқа тарту туралы Алматы қаласының прокуратурасына шағымданды.

Еске сала кетейік, Алматы қалалық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі мен ҰҚК департаменті Медеу аудандық сотының судьясына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия