jasqazaq.kz

Алматылық оқушылар наурызда қалай оқиды?

02 наурыз 2021, 16:41

Алматы қалалық білім басқармасы оқушылардың аралас оқу форматына қашан ауысатынын айтты.

Басқармадан мәлімдегендей, әзірге бұл жайлы бұйрық шықпаған. «Эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты Қазақстанда мектептерде аралас оқу форматы енгізіледі. Ал Алматы бойынша біз қалалық бас санитар дәрігердің ресми қаулысын күтіп отырмыз. Мектептер дайындалып жатыр. Жаңа қаулы шыққан жағдайда 1-5 сынып оқушылары аралас оқу форматына көшеді. Кезекші сыныпта оқып жатқан оқушылар өз сыныбына оралады»,- дейді Бостандық аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақытбек Қалжанов. Сонымен қатар, ата-аналарға таңдау еркі берілген. Олар балаларын мектепке жіберуге де, жібермеуге де құқылы. «Ата-аналар балаларды әлеуметтік қашықтықты сақтауға, жеке гигиена талаптарын сақтауға үйретуі тиіс», — дейді Бақытбек Қалжанов.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия