jasqazaq.kz

Алматылық оқушылар қалай офлайн оқиды?

25 тамыз 2021, 15:17

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев педагогтермен кездесуде қала мектептерінде офлайн режимде оқыту қалай ұйымдастырылатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әкім жаңа оқу жылы қарсаңында барлық қалалық қызмет балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, балалар мен қызметкерлер денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, білім беруді сапалы ұйымдастыру бойынша жұмыс жасауы керек екенін айтты, оған қоса білімді толықтыру және балаларға психологиялық қолдау көрсету шараларын қамту.

«Осыған байланысты мыналарды тапсырамын: біріншіден, білім басқармасы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен және Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірге 1 қыркүйектен бастап мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілуін, оның ішінде мониторингті үздіксіз бақылау, күнделікті профилактикалық шаралар мен мектепті қажетті дезинфекциялық құралдармен және басқа құралдармен жабдықтау, Білім беру басқармасы 1 қыркүйекке дейін мектептерде науқас балалар анықталған жағдайда оларды кейінге қалдырмай қашықтан оқытуға көшіру алгоритмін әзірлеуі тиіс. Мектеп қызметкерлері ауырып қалған жағдайда қолданылатын шаралар қарастырылуы керек», — деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, әкім Білім басқармасына ата-анамен сапалы кері байланыс орнатуды, ата-анаға кеңес беру үшін барлық білім беру ұйымының «сенім телефондары» мен Call-орталығы жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды. Сағынтаевтың айтуынша, Ashyq жобасына байланысты талаптарға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Әкім мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында іргелес аумақтарда бақылау шаралары күшейтілгенін айтты. Қазіргі уақытта барлық білім беру ұйымы ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген, 239 ұйым күзетпен жабдықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Аудандық әкімдіктер мектеп маңындағы аумақтарды жарықтандыру, мектеп маңындағы көшелерге жол белгілерін орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия