jasqazaq.kz

Алматылық көлік сатып алған кездегі алаяқтық туралы айтты

23 қараша 2020, 20:17

Алматылық қосалқы нарықтан көлік сатып алу кезіндегі алаяқтық туралы айтты. Ол сатып алғаннан кейін көлігі тәркіленіпті, себебі ұрланған авто екен. Дегенмен ол көлік үшін алған несиесін төлеп жатыр. Сондай-ақ ол зардап шеккенімен, сот отырысына куәгер ретінде де қатыса алмайтынын мәлімдеді.

Алматылық көлік құжатын ХКҚО-да да, банктегілер де қалай тексергенін түсінбей дал.

«2020 жылғы 18 шілдеде алғашқы жарнасын салып, автокөлік үшін несие алдым. Бір айдан кейін тергеуші бұл көліктің бірнеше рет әркімнің атына рәсімделгенін мәлімдеді. Көлік жыл басында ұрланған екен. Есептен шығару және сатуға жасалған жалған сенімхатпен заңсыз сатылып, әркімнің атына рәсімделген. Сөйтсем, мен сатып алған адамнан алыппын. Қылмыстық іс қозғалды. Менің көлігімді алып қойды және қылмыстық істе дәлел ретінде пайдаланады», — дейді алматылық.

Оның айтуынша, көлік айыппұл тұрағына жеткізілген. Ертесі ол банкке жазбаша өтініш жазып, мән-жай анықталғанша ай сайынғы төлемді тоқтата тұруды сұраған. Бірақ банктегілер келіспепті.

«Алғашқы зардап шеккен ер адам мен күдіктінің арасында сот болды. Қылмыстық тергеу органдарынан мен не зардап шеккен, не куәгер ретінде танылмағанымды білдім. Үш қорғаушыға жүгіндім. Олардың бәрі көмектесе алмайтынын айтты. Сотқа өтінішхат жаздым. Жоғарыдағы органдарға сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, мені зардап шеккен адам ретінде қосуын сұрап өтініш жаздым. Ал олардан жауап ретінде өтініштің басқа мекемеге жолданғаны туралы хабарлама алдым», — деді зардап шеккен ер адам.

Ол көліксіз қалса да, несие төлеп жатқанын атап өтті.

Алматы Полиция департаментіндегілер жағдайға қатысты пікір білдірді.

Күдікті ұсталған. Қазір сот процесі жүріп жатыр. Ведомство мәліметінше, оқиғасын айтып берген алматылық қылмыстық істі тергеуге куәгер ретінде қатысады.

«Сот оны адал сатып алушы ретінде мойындауы керек немесе оған өтемақы төлеуді міндеттеуі керек. Сонда оған көлікті беруге заңды негіз болады. Бұл айтылғандар ер адамға түсіндірілді. Көлік заттай дәлел ретінде тартып алынды және мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», — деп түсіндірді Алматы Полиция департаментіндегілер.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде