jasqazaq.kz

Алматылық қыз такси жүргізушісінің шабуылдағанын айтты

16 қараша 2020, 10:36

Алматылық қыз өзіне такси жүргізушісінің шабуылдағанын мәлімдеді. Такси қызметіндегілер осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Facebook желісінде жарияланды. Құралай есімді алматылықтың айтуынша, такси жүргізушісі оны баратын мекенжайына дейін жеткізбей, оған шабуыл жасап, тіліп тастаған.

«Бұл адамның қаншалықты қауіпті екенін айтқым келеді. Ол өз кінәсін мойындап отырған жоқ. Оны әлі ұстаған да жоқ. Мен оған бірден қолма-қол ақша төледім. Бірақ ол менің баруым керек мекенжайға жеткізіп салмады. Оған қоса, маған қол көтеріп, шабуылдады. (…) Оған неге осы уақытқа дейін іздеу жарияламаған? Ол қоғамға қауіпті. Үш апта бойы күттім, бірақ шыдамым таусылды», — деп жазды Құралай.

Оның айтуынша, бұл оқиға осыдан үш апта бұрын болған, бірақ жүргізуші әлі ұсталмады.

Такси қызметіндегілер осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Такси қызметі қолданушымен әрдайым байланыста. Жүргізуші бұл сервисте бұғаттаулы. Жүйедегі мәліметке қарағанда, ол қызды қосымшада көрсетілген мекенжайға дейін апарып тастады. Көлікте ешқандай қару болмаған. Бұл оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдарының өкілдері анықтауы қажет», — делінген такси қызметінің хабарламасында.

Ал қалалық полиция өкілдері бұл оқиғаға қатысты кейінірек мәлімет беруге уәде берді.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде