jasqazaq.kz

Алматылық келіншек үш жыл бойы құлдықта болғанын айтты (видео)

07 қазан 2020, 10:08

36 жастағы алматылық келіншек Жамбыл облысында 3 жыл бойы құлдықта болғанын айтты. , — деп хабарлайды Almaty TV телеарнасы.

Алматылық келіншек соңғы 3 жылда көрген азабын көзі жасқа толып, еске алды. Телеарна мәліметінше, жәбірленушіні бұрынғы жұмыс берушісі құлдықта ұстап, зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Жамбыл облысына жұмыс істеу үшін барған келіншекті жұмыс беруші осыдан екі апта бұрын бір тиынсыз қуып жіберіпті.

«Арағын ішіп, анашасын шегеді де, не істеп, не қойғанын білмейді. Ұрады. Ол үйде екеуімізден басқа адам жоқ. Сонымен ажырататын адам болмай, талай қашып келдім. Бірақ қайтадан алып кетті. Білгенін істейтін, анаша шектіртетін маған. Содан мен есімді жоғалтып аламын да, ұйықтап қалам, білмеймін ештеңе. Ал, ол кісі өзі мені видеоға түсіріп, білгенін істейді екен», — деді жәбірленуші.

Жәбірленушінің сөзінше, кезекті тоқпақтау кезінде 51 жастағы ер адам әйелді кеудесінен қатты ұрып, салдарынан жәбірленуші күрделі ота жасатқан. Келіншек ер адамның есірткіге құмарлығын да жасырмады. Жұмыс беруші бұдан бұрын ол адам өлтіргені үшін істі болған екен.

«Мен ертең далада қаламын, одан да кете берейін, басқа жұмыс іздейін, ақшаң да, ештеңең де керек емес деген едім, біз үйтеміз-бүйтеміз деді. Білесіңдер ғой, біздің жағдай мықты деген соң, ойымда ешқандай арам ой болған жоқ еді. Сосын өзім жетім, баратын жерім болмаған соң, құрсыншы, бір нәтижие болар, адам боп кетерміз деп, мен бәріне шыдап бақтым. Ал, енді кеше далаға тастаған соң, мен жай отыра алмадым», – деді жәбірленуші.

Ал ер адам келіншекке зорлық-зомбылық көрсеткенін мойындамады.

«Мен оны не үшін ұрамын? Ол маған ешкім емес. Барлығы ауылда менің қандай адам екенімді біледі. Ол өзі маған пышақ ала жүгіретін. Кейде психикалық ауытқуы бар деп күдіктенетінмін. Ол өзі бұған дейін де бұрынғы күйеуімен наша тартатын», – деді Аса ауылының тұрғыны Бақытжан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде