jasqazaq.kz

Алматылық бойжеткен бөлесіне ғашық болып қалған

15 сәуiр 2019, 12:46


Алматылық бойжеткен көпшілікке айта бермейтін құпиясымен бөлісті. Ол өзінің туған бөлесіне ғашық болып, тіпті тұрмыс құра жаздаған.
Алтынгүл (ред. ескертпе кейіпкердің есімі өзгертілді) басқа қалада тұратын туған бөлесі Арманды (есімі өзгертілді) алғашында туысқаны деп қана қабылдаған.   Алайда уақыт өте келе екеуінің арасында сезім пайда болып, бір-бірін ұнатып қалады. Әпкелі-сіңлілі қыздардан туған олар бұл қадамдарының дұрыс еместігін білсе де, сезімге ерік берген. Кейін екеуінің кездесіп жүргені туралы хабар аналары мен туыстарына да тарап кетеді.
Бір қызығы, туысқандардың басым бөлігі Алтынгүл мен Арманның отау құруына қарсы болмаған. Екеуінің әкелері бөлек болған соң, айтарлықтай қиындық тумайды деп шешіп, той жасауға бел буады.Алайда, ең соңғы сәтте Алтынгүл өзіне қажетті шешім қабылдап, туысқанына тұрмысқа шығудан бас тартады. Арманды жүз есе жақсы көрсе де, болашақ балаларын, келешек тағдырын ойлап, қазақтың дәстүрін аттап кетуді өзіне ар санайды.
«Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспай, қан тазалығын сақтаған. Әкелеріміз бөлек болса да, аналарымыздың қаны бір. Сондықтан, ғашықтық сезімім өртеп бара жатса да, мұндайға жол бере алмадым. Қазір оның өз өмірі, менің өз өмірім бар. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын», – дейді Алтынгүл.

SN.kz

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда