jasqazaq.kz

Алматылық балуан мыңның ішінде үздік атанды

27 мамыр 2019, 10:16

Алматылық балуан белдесуден Алматыда өткен турнирде жеңімпаз атанып, 9 млн теңге ұтып алды.

25-26 мамыр күндері Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде қазақ күресінің бір тармағы – белдесуден республикалық турнир өтті. Күрестің бұл түрінен бақ сынауға еліміздің барлық өңірінен 1000-ға жуық балуан келді.

Аталған турнир осымен екінші рет өтіп отыр. Бұл «Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында қазақтың ұмыт болған көне балуандық өнерінің бірі «белдесу» спорт түрін қайта жаңғыртуды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Белдесуден өркен турнирге ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Рамазанов, Алматы әкімі Байбек қатысты. Сондай-ақ, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Үшкемпіров, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Биткөзов, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Шораев та халқымыздың ұмыт қалған өнерін тамашалауға келді.

Қазақстанның әр өңірінен келген 1000-ға жуық балуан турнирдің алғашқы күні іріктеу кезеңінен өтті. Ал жарыстың келесі күні 32 балуан өзара күш сынасып, сайысқа түсті.

Осылайша, Алматы қаласының атынан шыққан балуан Нұралинов Дәурен І орынды иемденіп, жеңіске жетті. Оған 9 000 000 теңгенің сертификаты, диплом, медаль, шапан сыйға берілді.
Сондай-ақ, оның жатықтырушысы Мақсат Қиқымовқа да 1 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.

Ал, Қостанай облысынан келген балуан Талғат Жиентаев ІІ орын алды. Ол 4 500 000 теңге мен диплом және медаль алып, шапан киді.
Оның жатықтырушысына 500 000 теңге берілді.

ІІІ орынды Жамбыл облысынан келген балуан алды. Ғалымжан Қырықбаевқа да 2 700 000 теңге, диплом, медаль, шапан сыйға тартылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда