jasqazaq.kz

Алматылық баланың өнері Меладзені тамсандырды

16 наурыз 2019, 13:28

Алматылық 9 жастағы Жан Маким ресейлік «Голос. Дети» тележобасына өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

Жас талант иесі Стиви Уандердің Sir Duke әнін орындады. Баланың өнері қазылар алқасына, әсіресе Валерий Меладзеге ұнады, ол көп ұзамай қызыл батырманы басты.

«Бұл ду қол шапалақты тоқтатуға тура келді, өйткені ол әлі ұзаққа созылар еді», — деді Меладзе Жан Маким әнін аяқтаған соң.

Ал Пелагея мен Светлана Лобода осындай күрделі композициядағы ноталарға дөп, таза түсу оңай емес екенін атап өтті. Пелагея тіпті оны өзі жеткізе аларына күмән келтірді.

Сондай-ақ, Жан Маким jazz және pop бағыттарын сүйетінін айтты.

Еске салсақ, бірнеше апта бұрын ресейлік тележобада оралдық Ержан Максим қазылар алқасын өнерімен тәнті еткен.

Енді екі қазақстандық та Валерий Меладзенің тобында жобаны жалғастырады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде