jasqazaq.kz

Алматылық азаматты пышақтап, мәйітін өртеп жіберген «қара» риелторлар ұсталды

13 сәуiр 2022, 17:20

48 жастағы алматылық Алматы облысынан келген үш «қара» риэлтордың қолынан қаза тапты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полицияның хабарлауынша, 25 наурызда Еңбекшіқазақ ауданындағы Қаракемер ауылының маңында тұрғындар белгісіз ер адамның күйіп кеткен мәйітін тапты.

Сот-медициналық сарапшылардың пікірінше, ер адам пышақ жарақатының салдарынан қан кетіп қайтыс болған.

Көп ұзамай жәбірленушінің жеке басы анықталды. Ол 48 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты.

Алматы қаласы мен Алматы облысының полицейлері үш күдіктіні ұстады, олардың бірі – әйел.

Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің бастығы Жақсылық Алтынбаев:

Үшеуі де Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары, үлкені 33 жаста, ең кішісі 23 жаста. Олар алматылық азаматты қаладағы пәтерін иемдену үшін өлтіргенін айтты. Қайтыс болған ер адам жалғыз тұрып келген әрі ішімдікке әуес болған. Оны Алматы аумағында өлтірген. Содан мәйітті жалдамалы көлікпен Еңбекшіқазақ ауданына алып шығып, Қаракемір ауылының маңында өртемек болған.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде