jasqazaq.kz

Алматылық әйел он төртінші баласын дүниеге әкелді

01 наурыз 2022, 16:38

Алматыда 44 жастағы әйел он төртінші баласын дүниеге әкелді.

Almaty.tv таратқан мәліметке сай, алғыс айту күні қарсаңында қалалық перинаталды орталықтан үйіне шыққан Елена Бородюк қазір 7 ұл, 7 қыздың анасы. «Балаларымның бәрін еш қиындықсыз, өзім дүниеге әкелдім» деген ана дәрігерлерге алғысын білдірді.

«Құдайдың бергенін қуана қабылдаймыз, әрине. Сондықтан үлкен отбасы болып отырмыз. Қазір тұңғышымның өзі әке атануға дайындалып жүр. Не болса да, бастысы, басымыз аман болсын!», — дейді қала тұрғыны Елена Бородюк.

«Бәрінің сәтті болғаны қуантады. Уайымдадық, екеуінің де денсаулығына алаңдадық. Он төртінші балам ғой. Құдайдан «Ең бастысы, дені сау бала бер гөр» деп сұрадық», — дейді көпбалалы әке Павел Бородюк.

Мамандардың айтуынша, сәби бойы 55 см, ал салмағы 4 келіден асып дүниеге келген. Қазір ананың да, баланың да денсаулығы бірқалыпты.

«Жоғарғы топтағы қауіп-қатердегі қан кету болғандықтан, бүкіл ұжым болып атсалысып, он төртінші баласын, қыз баласын аман-есен дүниеге алып келді. 4 кг аса қыз бала дүниеге келді», — деді қалалық перинаталдық орталығы бас директорының орынбасары Жәмилә Исаева.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр