jasqazaq.kz

Алматылық әйел көршісіне қайнаған су шашып жіберген

01 желтоқсан 2022, 10:48

Әйел жанжал кезінде көршісінің үстіне қайнаған су құйып жіберген.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға видеосы әлеуметтік желіде таралған.

«Алматыда әйел пешті бөлісе алмаған көршісінің үстіне қайнаған су шашып жіберген. Ахтанова 13-үйдегі жатақхана. Қазір әйелге операция керек», — делінген видео сипаттамасында.

Зардап шеккен Анар есімді әйелдің айтуынша, оқиға кеше түнде болған. Ол осы жатақханаға бірнеше күн бұрын сәбиімен және әпкесімен көшіп келген.

«Кеше кешке жұмыстан келдім де ас үйге шай қоюға кірдім. Бізде ас үй ортақ. Әлгі әйел пештің қасында тұрды, мен оған жақындап, сыймағандықтан ыдыстарын жылжытуын өтіндім, пеште тек 2 оттық жұмыс істеді. Мен оған: «Тәте, аздап жылжисыз ба?» дедім. Ол айқайлап, балағаттай бастады, «қайдағы тәте, мен 1991 жылғымын» деп. Мен онымен жанжалдасқан жоқпын. Ол ыстық суды алып, үстіме шаша салды», — дейді жәбірленуші.

Қазір Анар ауруханада жатыр. Өзінің айтуынша, 2-3 дәрежелі күйік алған. Оң аяғы, сол қолы, кеудесі мен іші күйіп қалған. Әйел жалғызбасты ана екенін, күйеуінің апаттан қайтыс болғанын, үйде сәбиі қалғанын айтты. Әйелдің одан әрі емделуге ақшасы жоқ.

Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Жетісу аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, бұл дерек тіркеліп, жергілікті полиция қызметінің қарауында.

«Зардап шеккен әйелдің жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Одан әрі баға беріліп, шешім шығарылады», — деді Алматы полициясы өкілдері.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр