jasqazaq.kz

Алматылық әйел қыздары мен күйеуінің көзінше көлік астына түсіп кетті

08 қыркүйек 2021, 11:38

Алматыда түн ортасында жолға жүгіріп шыққан әйелді көлік қағып кетті. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға Рысқұлов даңғылы бойында түнде болған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екі қызы бар ерлі-зайыпты қоғамдық көлік аялдамасында тұрған. Бір сәтте азамат пен әйелдің арасында жанжал туындайды. Осыдан соң әйел әңгімені жалғастырмастан жан-жағына қарамай, жолға жүгіріп шыққан. Сол кезде оны Toyota Camry көлігі қағып кеткен.

Көлік жүргізушісі жолаушы аяқ астынан шығып қалғанда не істерін білмей қалған. Рөлді басқа жаққа бұрып көрген. Бірақ үлгермеген. Нәтижесінде әйел екі қызы мен күйеуінің көзінше көліктің астына түсті.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері зардап шегушіні тексеріп, шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаға жатқызды. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жағдайы өте ауыр.

Қазіргі уақытта Алматы полициясында жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде