jasqazaq.kz

Алматылық әйел 20 жыл бойы құжатсыз тұрған

19 сәуiр 2021, 11:41

49 жастағы алматылық әйел 20 жыл құжатсыз тұрған. Оның үш баласының да туу туралы куәлігі мен жеке куәлігі жоқ, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпарат бойынша, әйел 1974 жылғы үлгідегі (КСРО) төлқұжатын 20 жыл бұрын жоғалтқаны, содан бері құжатсыз өмір сүргені анықталды.

«Құжаттардың болмауына байланысты және қиын қаржылық жағдайды ескере отырып, 1996 жылғы, 1999 жылғы және 2002 жылы туған үш баласының жеке басын куәландыратын ешқандай құжаттары болған жоқ», — дейді полиция өкілдері.

Қиын жағдайды шешу үшін әйел Мемлекет басшысынан көмек сұрады.

«Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсімдер орындалғаннан кейін, біздің бөлімнің қорытындысымен азаматша және оның балалары ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары деп танылды. Сәйкесінше, оларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі берілді», — деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде