jasqazaq.kz

Алматылықтар VIP нөмір алу үшін 294 млн теңге шығындаған

10 тамыз 2017, 17:22

Алматылықтар VIP нөмір сатып алу үшін 294 млн теңге шығындаған.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, арнайы ХҚКО көлікті тіркеу мен мемлекеттік тіркеу нөмірлерін беру бойынша жыл басынан бергі қанша қызмет көрсетілгенін жариялады. Жыл басынан бері ХҚКО мамандары тарапынан 101 152 мемлекеттік нөмір, 12 535 транзиттік нөмір, 32672 жүргізуші куәлігі берілген. Сондай-ақ, құны 294 млн 407 мың болатын 791 VIP нөмір берілді. «Небәрі 7 айда 252 701 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде көлікті тіркеу мен есепке алуға 220 029 қызмет көрсетілді. Күн сайын орталыққа 3-5 мың клиент келеді. Осы уақыт аралығында 108507 көлік тіркелді», — деді қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Аманбек. Айта кету керек, өткен жылдың қыркүйегінен бастап арнайы ХҚКО тек қана Алматы тұрғындары ғана емес бүкіл республика азаматтарына қызмет көрсете бастады. «Биыл қаңтардан бері арнайы ХҚКО алматылықтардан бөлек азаматтарға 40 мың қызмет көрсеткен, 37 745 мемлекеттік тіркеу нөмірі берілген. Сұраныс Алматы облысы мен ОҚО тұрғындары арасында көп болып отыр», — деді ол.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде