jasqazaq.kz

Алматылық әйел өз қызының еміне берілген қаражатты еріктілерге қайтарудан бас тартты

17 шiлде 2017, 13:19

Алматы тұрғыны Ақмарал Жақсылықова ауырған қызына ота жасату үшін ақша жинаған «Қайырымды жандар» қайырымдылық қорына қаражатты әлі қайтармаған.

Осыған дейін әйелдің өз қызына бүйрек ауыстыру отасын тегін жасатқаны белгілі болған еді. Биыл мамырда сот Жақсылықованы қайырымдылық қорына қыздың отасына деп бөлінген 10 миллион теңге қаражатты қайтаруды міндеттеген еді. Еріктілер бұл қаражаттың басқа мақсатта пайдаланылғанын дәлелдеген, осыған байланысты қайырымдылық қоры бұл ақшаны алып, қымбат ота жасатуға мұқтаж басқа отбасыларға көмектесуді ойлаған. Алайда 20 маусымда алматылық әйел соттың шешіміне апелляцияық шағым түсірген, сот тыңдауы келесі екі айда өтеді. «Бұл қаражат менің қызыма жиналды, халықтың ақшасы бұл. Бұл қаражат Мәуленге (Алғазы — «Қайырымды жандар» еріктілер қозғалысының лидері — Авт.) ешқашан қайтарылмайды. Менің қызым Жанель Ақсайдағы ауруханада жатыр, ақша соның еміне жұмсалып жатыр. Қаншама сараптама жасатамыз, отадан кейін көп ақша қажет. Ол айығып кете ме, жоқ па — бір Аллаға аян. Оған өмір бойына ем қажет. Ал Мәуленді менің қызымның өмірі қызықтырмайды да, бірде-бір рет сұраған жоқ. Ол осы ақшаны қайтарып алуды ғана көксейді. Соттардың бәрі мұндай деп ойламаймын, сол үшін апелляцияда әділ шешім шығарады деп үміттенемін. Біз ұтпасақ, Жоғарғы сотқа барамыз», — деді Ақмарал Жақсылықова. Ал қайырымдылық қорының мүддесін қорғайтын заңгер Жанна Шапатова апелляциялық сотта жаңа деректерді дәлелдегісі келеді. Ол Жақсылықованың есепшотына қаражат түскеннен кейін пәтер сатып алғанын дәлелдейтін құжаттарды тапқанын айтып отыр. «Таяуда Әділет департаменті оның қайдан және қалай пәтер сатып алғаны жайлы жауап береді. Яғни өткен жылдың 30 қарашасында оған қайырымдылық қорынан ақша түсті. 20 желтоқсанда ол пәтер сатып алған. Департаменттегілер сату-сатып алу дерегін растап берді. Қызының еміне ақшасы болмаса пәтерді қалай сатып алған? Қазір ол ерікті түрде қаражатты қайтарғысы келмей отыр», — деді заңгер.

Тengrinews.kz

Бүгін, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
Бүгін, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
Бүгін, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі