jasqazaq.kz

Алматыға улы затты шамадан тыс бөлетін жүк көліктері кіргізілмейді

06 мамыр 2021, 16:50

Алматыға кіреберісте жаңартылған экопостар жұмыс істей бастады. Соңғы жеті айда тексерілген көліктердің 2226-нда зиянды зат нормасынан асып кеткені анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайады ҚазАқпарат.

«Алматыға кіреберісте жаңартылған экопостар жұмыс істей бастады. Қалада бес экопостт және бір мобильді экопатруль бар. Олар арнайы қондырғылармен: газ анализаторымен және опасиметрмен жабдықталған. Барлық бекетте кезекші экологиялық операторлар мен жерігілікті полиция қызметі жұмыс істейді. Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту үшін жүк көліктерін, мамандандырылған және құрылыс техникаларын пайдаланылған газдардың уыттылығы бойынша тексеру күшейтілді»,- деді ол.

Сонымен қатар, ол экологиялық нормаға сай келмейтін көлік иелеріне айыппұл салынантынын айтты.

«Барлық экопост ар мен мобильді экопатрульді пайдалану кезінде 60 мың өлшем бірлігі жасалды. 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың мамырына дейін 2265 автокөлікте шамадан тыс нәтиже тіркелген. Экологиялық нормаға сай келмейтін көлік иелеріне алғашында ескерту жасалады, екінші рет ұсталса айыппұл салынады. Сондай-ақ қазір улы затты шамадан тыс бөлетін жүк көліктері қалаға кіргізілмейтін болды»,- деді Наталья Ливинская.

Оның айтуынша, қалаға кіреберісте бұрыннан келе жатқан он экопост және жақында ашылған алты бекет жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта олардың саны 19-ға дейін жетпек.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия