jasqazaq.kz

Алматыға өзен жағалап жасырын өтпек болған

08 сәуiр 2020, 13:31

#үйдеотыр

Алматы облысындағы Іле ауданының 46 жастағы тұрғыны Үлкен Алматы өзенінің сағасын жағалап, Алматы қаласының аумағына жасырын өтіп кетпекші болған.

Алайда, ер адам облыстық полицейлердің көзіне түскен. Заң талабын өрескел бұзған азамат аудандық соттың шешімімен 5 тәулікке қамалды. Сондай-ақ, Қарасай ауданының тәртіп сақшылары короновирус індетінің алдын алу мақсатында карантинге жабылған «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің аумағынан таңертеңгі сағат 6:30-дар шамасында заңсыз шығып кетуге әрекет еткен 25 жастағы азаматшаны ұстады. Аталған дерек бойынша қолданыстағы ӘҚбК 476-бабына сәйкес төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Алдын ала тексеру барысында құқық бұзушы карантин жарияланған аумақтан шығуға тыйым салынғанын біле тұра, жақын маңдағы базардың біріне барып келмек болғанын айтқан. Дегенмен, ол өзінің және айналасындағылардың өміріне қауіп төндіргенін ойламаған болып шықты. Текелі қаласының тәртіп сақшылары түнгі мезгілде тыныштықты бұзған және еліміздегі төтенше жағдай тәртібін сақтамаған ойын клубының иесіне тиісті хаттама толтырған. Сот шешімімен құқық бұзған кәсіпкер 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Алматы облысының полицейлері тұрғындарды төтенше жағдай тәртібін қатаң сақтауға, індеттің алдын алу мақсатында сақтық шараларын бұзбауға шақырады. Аурудың жаппай таралуын болдырмау үшін жергілікті билік тарапынан қабылданып сақтық шараларына бағыну қажет екенін және ортақ талаптарды бұзудың қатаң жазаланатынын ескертеді.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия