jasqazaq.kz

Алматыға кіреберісте бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болды (видео)

19 мамыр 2020, 13:47

Алматы сыртындағы блокпосттарда бірнеше шақырымға созылған кептелістер пайда болды.

Әлеуметтік желіде бірнеше күннен бері кептелістің фотосы мен видеосы тарап жатыр. Қалалық полиция департаменті қалаға себепсіз кіріп-шығуды қоя тұруға кеңес берді.

«Бұл кептеліс карантин режимі бәсеңсіген соң пайда болды. Кей азаматтар карантин аяқталды деп санап, қалаға кіруге немесе шығуға талпынып жатыр. Карантин тек жеңілдеді. Блокпостан тек жедел штаб базасында аты-жөні тіркелген азаматтар ғана өте алады. Әр көлікті тексеруге біршама уақыт кететіні белгілі. Бұл шараның барлығы халықтың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр», — дейді полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Полиция департаменті кептелістен қашамын деп қарама-қарсы бетке шыққан жүргізушілер де әкімшілік жазаға тартылатынын ескертті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия