Алматыға арнайы бортпен кеше келген «Теңізшевройл» ЖШС жұмыскерінен коронавирус табылды. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов онлайн брифинг барысында айтты.
«Қазіргі кезде штаб Атыраудан келген қызметкерлерді қабылдау жұмыстарымен айналысуда. Бүгін Теңізден (Теңізшевройл) 200 жұмыскер арнайы бортпен келеді. Оларды карантинге жатқызамыз. ПЦР талдауларын аламыз. Бұл соңғы 5 күнде келген 3-борт болып отыр. Кеше Атыраудан келген қызметкерлердің арасынан бір адамнан вирус табылды. Қазір оны эпидемиолог дәрігерлер қарап жатыр», — деді Ерлан Қожағапанов.
ҚазАқпарат