
6 қазанда Алматыға алғашқы қар түсті.
Алғашқы қардың видеосын алматыдықтар желіде бөлісіп жатыр. Сондай видеоның біріне жазылған түсініктемеде «алғашқы қардың Алматы тауының бөктеріне түскені» жазылған.
6 қазанда таңертеңнен бастап қалада жаңбыр жауып тұр, ауа температурасы +9. Болжам бойынша, ауа температурасы түнде нөлден төмен түседі. Синоптиктер сәрсенбіде күн ашық және жылы болатынын айтады.
zakon.kz