jasqazaq.kz

Алматыға адам тасыған такси жүргізушілері ұсталды

28 наурыз 2020, 18:08

#үйдеотыр

Алматыда адамдарды қалаға айналма жолмен тасымалдаған такси жүргізушілері ұсталды.

Алматы қалалық ПД хабарлауынша, жеке такси жүргізушілері жарнама беру арқылы адамдарды аймақтан қалаға заңсыз тасымалдаған. «Жүргізушілер оңай ақша табу жолында бұзақылыққа барғандарын айтты,өйткені осы күндері жолаушылар тасымалы, олардың айтуынша, бірнеше есе қымбаттады. Өз жарнамаларында олар бір адамға бес мың теңге берген жағдайда қалаға алып кіретіндерін және қаладан шығаратындарын жазған. Бұл «бұзақылар»айналма жолды білді және арнайы сызба жасады: олардың біреуі жолаушыларды бір жақтан алып, айналма жолда белгілі бір жерге алып барады, сол жерде, жоспар бойынша, олардың клиенті басқа такси жүргізушісіне дейін сәл жүріп баруы керек, ол такси өз кезегінде жолаушыны мекен-жайына дейін жеткізеді.Мұндай сызба екі жақта да жұмыс жасады.Ұсталған екі такси жүргізуші бір-біріне туысқан болып келеді және Алматы облысында тұрады. Айыпталушылардың анықталуы мен ұсталуы Алматы қаласындағы ҰҚК қызметкерлерінің және ПД өзін-өзі қорғау басқармасының көмегімен жүзеге асырылды», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдайды бұзу) бойынша хаттама толытырылды. Жинақталған материалдар айыппұл түрінде немесе әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығаратын Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

ҚазАқпарат

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі