jasqazaq.kz

Алматыға 26 млн теңгеге шетелдік блогерлер шақырылады

03 маусым 2021, 14:47

Алматыға 26 миллион теңгеге шетелдік блогерлер шақырылады. Бұл туралы қалалық туризм басқармасы мәлім етті.

Мақсат — қаланың халықаралық және ішкі нарықтардағы брендтерін әлемге таныту. Баспасөз-туры екі кезеңге бөлінген. Біреуі биыл 2/3 тоқсанда, екіншісі 3/4 тоқсанда өткізіледі. Әр кезеңде Грузия, Армения, Беларусь, Ресей, Украина, Түркия, Корея, БАӘ және Гонконгтен 20 блогер шақырылады. Бұл елдерді таңдау Алматыға тікелей рейстердің және жаңа саяхат орындарын іздейтін және төлем қабілеті бар аудиторияға байланысты. Бағдарлама аясында шетелдік блогерлер Қазақстанның тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін жерлерді аралайды.

«Аталған сома туристік нысандарды аралауға, виза рәсімдеуге, тамақтану, медициналық көмек, бару-қайту эконом-класс әуе билеті, орыс және ағылшын тілдерінде гид-аудармашыға жұмсалады. Сондай-ақ блогерлер үшін қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу бойынша шеберлік сыныбы және ұлттық киімдегі фотосессиямен қолөнершілер шеберханасына бару ұйымдастырылады. Қазақстанға келген қонақтарға ұлттық кәдесыйлар ұсынылады. Баспасөз -туры Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып өткізіледі», — деп атап өтті басқармадағылар.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде