jasqazaq.kz

Алматыдан Шымкентке 5 мың теңгемен ұшып баруға болады

16 сәуiр 2019, 12:28

Қазақстанның алғашқы лоукостері FlyArystan Алматыдан Шымкент пен Павлодарға билет сата бастады. Аталмыш бағыттар бойынша толық техникалық тексеріс пен салоны реконфигурациядан өткен, 180 орындық Airbus A320 әуелайнерлері күнделікті қатынайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оңтүстік астанадан шырайлы Шымкентке дейін жол жүру ұзақтығы — 1 сағат 20 минут. Қос қала арасындағы біржақты қатынау құны 4999 теңгеден басталады. Павлодарға билет құны барлық әуежай алымдарымен қоса есептегенде 6999 теңгеден басталып, ол жаққа жолаушылар 1 сағат 50 минутта жете алады. Билеттерді www.flyarystan.com сайтынан брондап, оған қоса жолаушылар өз қалауымен қосымша жүк борттық тағамға тапсырыс беру, приоритетті отырғызу сынды қызмет түрлеріне тапсырыс бере алады» делінген хабарламада. Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Орал мен Қарағандыға қатынайтын рейстер бірінші мамырдан бастап орындала бастаса, көптен күткен Шымкент пен Павлодарға қатынау 30 мамырда басталады. «Шымкент пен Павлодар кездейсоқ таңдалған жоқ. Біріншісі — оңтүстік өңірідің бас қаласы екені сөзсіз. Одан және оған күнделікті жүздеген адам сапар шегеді. Алматы-Шымкент-Алматы бағыты — әуе жолаушыларының көптен күткен бағдары. Ал Павлодар мен Алматының арасында қонаққа барып-келетін жолаушылар, кәсіпкерлермен қатар, солтүстік-шығыс өңірінің көркі — Баянауыл елді мекенін көргісі келетін туристер де баршылық екенін ескерген жөн. FlyArystan ұсынып отырған арзан бағамен билетті брондап алатын отандастар саны көп болып, олар тиімді тарифті билеттерді алып үлгереді деген сенімдеміз. Себебі арзан бағалы орындар әдетте тез сатылып кететінін ескерген жөн», — дейді FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова. FlyArystan барша жолаушыларға тариф ережелерімен мұқият танысып, толық ақпаратты ресми сайттан алуға кеңес береді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда