jasqazaq.kz

Алматыдан Қаскелеңге шығатын жолға «Сергек» камералары орнатылады

24 тамыз 2022, 14:56


Алматы полициясы қаланың шыға берісінде, жолдың қақ ортасында көлік тоқтатып, кептеліс тудыратындардың жиілеуіне байланысты тәртіп орнатпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол-көлік қозғалысының күрделенуіне байланысты қалыптасқан жағдайға алаңдаймыз. Кейбір азаматтар такси қызметін көрсететін өтіп бара жатқан көлікті жол жүрісі бөлігінде тоқтатпақ болып, жасанды кептеліс немесе апаттық жағдай тудырады. Бұл жол жүрісі қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіпті», — дейді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Полиция өкілінің айтуынша, аталған мәселеге байланысты негізгі нүктелерге эксперименттік түрде «Сергек» камералары орнатылады.

«Төле би даңғылы — Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы — Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы — Әшімов көшесі», — деп нақтылады ол.

Сонымен қатар, жол қозғалысының барлық қатысушыларына (көлік жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де) ережелер талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр