jasqazaq.kz

Алматыдағы жол апаты: жүргізуші жүк көлігінен секіріп кетті (видео)

03 қараша 2020, 16:36

Алматыдағы Набережная және Дулати көшелерінің қиылысында жаппай жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жүргізуші көліктен секіруге мәжбүр болған.

Желідегі видеода жол апатының салдарын көруге болады.

«Жүк көлігінің тежегіші істемей қалды. Осында жүргізуші болды. Ол көліктен секіріп кетті. Жүргізуші жедел жәрдем көлігінде жатыр. Ол ауыр жарақат алды. Осындағының барлығын қиратып кетті», — дейді куәгер.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)


Алматы қаласының полиция департаменті жол апаты 3 қарашада сағат 12.00-де Бостандық ауданында болғанын хабарлады.

«1973 жылы туған North Benz жүк көлігінің жүргізушісі Дулати көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Набережная көшесінің қиылысында ол Nissan Maxima автокөлігіне соғылған. Салдарынан жүк көлігі жолдың шығыс бөлігіне шығып, электр бағанасына, жарнамалық қалқанға, аялдамаға, трансформаторлық қосалқы станцияға және үйлердің бірінің қоршауын қиратқан. Қоршау Toyota Land Cruiser көлігіне құлаған», — делінген хабарламада.

Nissan Maxima көлігінің 25 жастағы жүргушісі жүк көлігімен соқтығысқаннан кейін жолдың қарсы бетіне шығып, автотұрақтағы көлікті соққан.

«Бұл факт тергеліп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалады. Осының негізінде істің мән-жайы толық анықталады. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің және Nissan Maxima-ның жүргізушілері зардап шеккен», — делінген хабарламада.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия