jasqazaq.kz

Алматыдағы жаңа жолайрық кептеліс мәселесін шеше алды ма?

30 желтоқсан 2021, 12:42

Алматыда жаңа жолайрық ашылғанымен кептеліс мәселесі шешілмеді. Жұрт діттеген жеріне жету үшін жол бойында баяғысынша сағаттап тұратынына шағымданып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ал бұған жауаптылар 25 желтоқсанда ашылған «Алтын орда» базары маңындағы жаңа магистраль эстакада барлық мәселенің шешімі екенін айтқан болатын.

Хамит, Алматы облысының тұрғыны:

— Кептеліс 10 пайызға ғана азайды деп айта аламын. Бұл сан ештенені өзгертпейді. Өйткені баяғы жартас сол жартас күйінде. Бұдан бөлек, жоғарыдан адамдар жүріп өтетін көпір жасау керек деп ойлаймын.

Бұл жолайрықты жұртшылық төрт жыл бойы сарыла күткен. Алайда ашылғанына төрт күн өтпестен халық көлік кептелісінде күніне бірнеше сағатын жоғалтады. Әдеттегідей түс кезінде ғана арлы-берлі өту жеңілдеп, таңертең мен кешкі уақыттарда қарбалас басталады. Бұған «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілі бірнеше себепті келтірді. Соның бірі – көліктердің тым көптігі. Мәселен, жол бойымен күніне 70 мыңнан астам автомобиль жүріп өтеді. Бұдан бөлек, мереке алдындағы қарбаласта жығылғанға жұдырық бола түсуде дейді. Сондай-ақ «Үлкен Алматы» айналмалы жолы құрылысы аяқталса, автобус жолағы жаңартылып, қазіргідей қараша жол бойында көлік тоқтатып басқаларға кедергі келтірмейтінін айтып ақталды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр