jasqazaq.kz

Алматыдағы жаңа вокзал құрылысы: Сүрілген үйге нарықтық құн төленеді

06 қазан 2022, 13:22

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесуге келген тұрғындар жаңа темір жол вокзалының құрылысына байланысты үйлер сүріле ме? деп сұрады.

«Арнайы мақсаттағы жеке тұрғын үй құрылысына арналған мемлекеттік актке сәйкес жер телімдерін заңды түрде сатып алдық, бұл құжат 2014 жылдың бас жоспарына және 2019 жылдың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес келеді. Алайда, 2021 жылдың 31 желтоқсанында Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы бізге үйлеріміздің сүрілетінін хабарлады. Себебін, қызыл сызықта орналасқан деп түсіндірді», — деді Мәдениет шағын ауданының тұрғыны әкімге қойған сауалында.

Ерболат Досаев «Алматы-3» вокзалының құрылысы туралы айтты.

«Негізгі құжат — «Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспары», ол жыл соңына дейін қабылданады. Мен бұл бұрын қосылған аумақтар екенін түсінемін, ол сіз ол жерді сатып алдыңыз. Алайда қала дамуы керек. Тұрғындар біз газбен қамтамасыз ете алмайтын, технологиялық талаптарға сай келмейтін жерлерге үй тұрғызған. Мен бас жоспар бойынша ережелерді мүмкіндігінше тиімді қайта қарау туралы тапсырма бердім. Жоба дайын болған кезде біз оны көрсетеміз, бірге талқылаймыз және шешім қабылдаймыз», — деді әкім.

Әкімнің айтуынша, қала дәл осы ауданда қарқынды дамып келеді.

«Егер үйлеріңіз сүрілген жағдайда мәселені нарықтық құны бойынша өтейміз», — деді Ерболат Досаев.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр