jasqazaq.kz

Алматыдағы түрмеден қашқан адам Ақтөбеде қолға түсті

01 наурыз 2021, 10:04

Алматыдағы бас бостандығынан айыру орындарының бірінен қашып шыққан адам Ақтөбеде қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті мен Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің өкілдері 15 ақпан күні Алматыдағы ЛА-155/18 мекемесінен қашып кеткен Д.Т.Давутовты ұстау бойынша жүргізген жедел-іздестіру шарасын сәтті аяқтады. Іздеу жарияланған адам Ақтөбеде қолға түсті»,-делінген хабарламада.

Аталған оқиға бойынша, Алматы қалалық Полиция департаменті тарапынан ҚР Қылмыстық Кодексінің 426 бабы (Бас бостандығынан айыру орнынан қашу) негізінде сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар ҚАЖ комитеті тарапынан жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесі бойынша, бірқатар кемшілік жіберген қызметкерлер әкімшілік жауапқа тартылды.

Айта кететін мәселе, ер адам бұрын бінеше мәрте сотталған. Соңғы рет ұрлық және алаяқтық әрекеті үшін 6 жылға сотталған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия