jasqazaq.kz

Алматыдағы тікұшақ апатының негізгі себептері аталды

18 қантар 2019, 14:03

Алматыда Sky Service әуекомпаниясы тікұшағының құлауына үш себеп болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов айтты. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады.

Оның айтуынша, ұшақ сағат 16.08-де құлаған. Ал ұшқыш соңғы рет байланысқа сағат 16.05-те шыққан. Жұмасұлтанов қазіргі уақытта апат болған жерде тергеу шараларының жүргізіліп жатқанын айтты. «Үш нұсқа қарастырылып жатыр. Техникалық ақау, адамдық фактор (ұшуды басқарудағы қателіктер) және қолайсыз ауа райы. Әзірше осы үш нұсқа. Өздеріңіз көрдіңіздер ғой, тұман болды: 150 метр жерге дейін жол көрінбеді», — деді Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы. Жұмасұлтанов тікұшақтағы нысанды бақылау құралдары ақаусыз дұрыс жұмыс істеп тұрғанын айтып өтті. Еске салайық, кеше, 17 қаңтарда Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлағаны хабарланған болатын. Апаттан 1968 жылғы ұшқыш Шитов Валентин қаза тапқан еді. Ол Боралдай әуежайынан шығып Үлкен Алматы көліне ұшып бара жатқан кезде құлаған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде