
19 наурызға жоспарланған жалпықалалық сенбілік ауа райының нашарлауына байланысты кейінге ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласының әкімдігі:
19 наурызға жоспарланған жалпықалалық сенбілік ауа райының нашарлауы – ауа температурасының төмендеуі және күтілетін жауын-шашынның салдарынан кейінге ауыстырылады.
Қала әкімдігі сенбілік өтетін күн мен уақыт туралы қосымша ақпаратты қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.