jasqazaq.kz

Алматыдағы сауда үйінде екі жасөспірім күзетшіні пышақтап кетті

01 қазан 2019, 18:03

Алматы қаласындағы сауда үйлерінің бірінде жасөспірімдер күзетшіні пышақтап кеткен. Қазіргі уақытта күдіктілер тұтқындалып, бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, оқиға 24 тамызда орын алған. 2002 және 2003 жылғы екі жасөспірім қаладағы сауда үйлерінің бірінің күзетшісін пышақтап кеткен. Салдарынан зардап шеккен азамат ауруханаға түсті.

«Аталған дерек Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» және «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының тізімдемесіне тіркелді», — дейді қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Бүгінгі таңда күдіктілер тқтқындалды. Олар уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Полиция департаментінің тергеу басқармасы аталған қылмыстық істі тергеп жатыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда