jasqazaq.kz

Алматыдағы отбасылық атысқа қатысты тың деректер пайда болды

09 маусым 2020, 12:19

Әкесі өзін және күйеуін атып өлтірген әйел жүктіліктің сегізінші айында болған.
Алматы полициясы Алматының Түрксіб ауданында ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты тергеуді жалғастыруда. Отбасында ішімдік ішетіндер болмағанын алдыға тартқан көршілер, араларында үнемі жанжалдасып жүретінін де жасырмады.

«Марқұм жүктіліктің сегізінші айында болды. Кісі өлтіруге түрткі болған жанжалдың егжей-тегжейі кейінірек анықталады. Бірақ әйелдің әкесі мен оның күйеу баласының қарым-қатынасы жақсы болмаған», — деді құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі.

Сондай-ақ олар қайғылы оқиға орын алған сәтте дәліздегі баспалдақта қылмыскердің екінші әйелінің күтіп тұрғаны белгілі болған. Алайда ол зардап шеккен жоқ. Туыстарынан кек алмас бұрын, ер адам оны үйден қуып шығарды.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 8 маусымда дүйсенбіде Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы үйде 69 жастағы ер адам отбасылық жанжалдан кейін 33 жастағы күйеу баласы мен 41 жастағы қызын атып өлтірген. Осыдан кейін ол өзіне қол жұмсады.

 Stan.kz 

 

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)