
Алматыдағы қойма өртін сөндіруге 67 өрт сөндіруші, 27 техника және өрт сөндіру құрылғысы бар тікұшақ жұмылдырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
«Өртпен күреске Алматы қаласының 67 қызметкері мен 27 бірлік өрт сөндіру техникасы, өрт сөндіру құрылғысы бар тікұшақ қосылған. Қазіргі уақытта 7 рет су бүркілді», — дейді Алматы қаласының ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Қойма өртін сөндіруге Жетісуда 15 өрт сөндіру техникасы мен 43 өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері тартылды. Сондай-ақ өртті сөндіру үшін тікұшақ төбеге көтерілді. Алдын-ала мәлімет бойынша, қоймада 200 тонна бояу және лак өнімдері бар.
https://youtu.be/gPawhvBm5y4