jasqazaq.kz

Алматыдағы көпір жарығы жұртты шошытты (видео)

09 шiлде 2020, 22:30

«Алматыдағы Сайн мен Рысқұлов даңғылының қиылысын қосатын көпірдің жігі ашылып кетті». Осыға ұқсас хабарлама бүгін әлеуеметтік желілер арқылы тарап қазнетті шулатты. Бір топ көпір сапасын сынаса екінші топ, «бұл сейсмикалық тұрақтылыққа арналған жапсар», деп жазып жатты. Ақ-қарасын ажырату мақсатында қалалық әкімдікке ат басын тіредік. Жұрт бекер байбалам салған болып шықты. «Жарықтан» жасқанатын ештеңесі жоқ екен.

Ернұр АБЖАХАН, АЛМАТЫ Қ. ҚАЛАЛЫҚ МОБИЛДІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Пост авторының айтуынша, көпірде үлкен жарықшақ пайда болған, деп жазған. Бірақ ол шындыққа жанаспайды. Бұл жобамен қарастырылған аралық құрылымдардың арасындағы температуралық және сейсмикалық аралық немесе деформациялық жік, деп аталады. Инженерлердің тексеру, қарау жұмыстарының нәтижесінде деформациялық жіктердің жақсы жағдайда екендігі, қауіптің жоқтығы анықталды.

Дереккөзі: Астана телеарнасы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде