jasqazaq.kz

Алматыдағы көлік оқиғасының жаңа видеосы пайда болды

29 тамыз 2019, 11:09

Әлеуметтік желіде Алматыда адамдарды қасақана қаққан көлік оқиғасына қатысты тағы бір видеосы пайда болды.

Куәгер бұл оқиғаны телефонға басқа қырынан түсіріп, желіде жүктеген. Постта екі топ төбе лесіп жатқаны туралы жазылады . Естеріңізге салайық, 26 тамызда таңғы сағат 5-те Алматы қаласы Бостандық ауданы Гагарин көшесінде болған қақтығыстан кейін бір тараптың өкілдері өз қарсыластарын автомобильмен қағып, қылмыс орнынан бой тасалаған. Видео әлеуметтік желіде тарады. Гагарин көшесінде адамдарды қасақана қаққан күдіктілердің бірі 26 тамыз күні кешке ұсталған болатын. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, 1995 жылы туған А. есімді азамат. Ол, ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам қылмыс жасау кезінде ақ түсті Toyota Camry маркалы автокөлігін басқарған. Адамды қасақана қағу ісі бойынша айыптұрағына қамалған автокөліктің мемлекеттік нөмірі бұған дейін де бір іске қатысы бар болғаны анықталды. Атап айтқанда, 2017 жылы дәл осындай мемлекеттік нөмірлі көлік мінген жүргізуші есірткіге елітіп көлік басқарғаны үшін ұсталған. Күдіктілердің анасы Нәзира Әликеева ұлдары мұндай іс әрекетке өздерін қорғау үшін барды деді. Бұл шулы оқиғаға қатысты Полиция толық ақпарат берді. Зардап шеккендердің денсаулығы туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы айтты. Полиция адамдарды қаққан көліктерді тауып тәркіледі. Екі көлікті айғақзаттар ретінде ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарына тіркеді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде